Quran Apps in many lanuages:

Surah Aal-E-Imran Ayahs #49 Translated in Kazakh

إِذْ قَالَتِ الْمَلَائِكَةُ يَا مَرْيَمُ إِنَّ اللَّهَ يُبَشِّرُكِ بِكَلِمَةٍ مِنْهُ اسْمُهُ الْمَسِيحُ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ وَجِيهًا فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ وَمِنَ الْمُقَرَّبِينَ
Сол кезде періштелер: «Ей, Мәриям! Ақиқатында Аллаһ сені Өз тарапынан болған бір Сөзбен сүйіншілейді. Оның есімі Иса Мәсих Мәриям ұлы, ол осы өмірде әрі соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте абыройлы әрі Аллаһқа жақындатылғандардан болады
وَيُكَلِّمُ النَّاسَ فِي الْمَهْدِ وَكَهْلًا وَمِنَ الصَّالِحِينَ
Әрі ол адамдарға бесікте сөйлейді және ержеткен кезінде де. Әрі ол ізгілерден болады
قَالَتْ رَبِّ أَنَّىٰ يَكُونُ لِي وَلَدٌ وَلَمْ يَمْسَسْنِي بَشَرٌ ۖ قَالَ كَذَٰلِكِ اللَّهُ يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ ۚ إِذَا قَضَىٰ أَمْرًا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ
Мәриям . «Раббым! Менде қалайша бала болады, егер маған ешбір адам тиіспеген болса?!» деді. Періште : «Осылай, Аллаһ қалағанын жаратады. Қашан Ол бір іске шешім шығарса, оған тек қана «Бол!» дейді, сонда ол бола қалады», деді
وَيُعَلِّمُهُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَالتَّوْرَاةَ وَالْإِنْجِيلَ
Әрі Ол оған жазуды, даналықты әрі Тәурат пен Інжілді үйретеді
وَرَسُولًا إِلَىٰ بَنِي إِسْرَائِيلَ أَنِّي قَدْ جِئْتُكُمْ بِآيَةٍ مِنْ رَبِّكُمْ ۖ أَنِّي أَخْلُقُ لَكُمْ مِنَ الطِّينِ كَهَيْئَةِ الطَّيْرِ فَأَنْفُخُ فِيهِ فَيَكُونُ طَيْرًا بِإِذْنِ اللَّهِ ۖ وَأُبْرِئُ الْأَكْمَهَ وَالْأَبْرَصَ وَأُحْيِي الْمَوْتَىٰ بِإِذْنِ اللَّهِ ۖ وَأُنَبِّئُكُمْ بِمَا تَأْكُلُونَ وَمَا تَدَّخِرُونَ فِي بُيُوتِكُمْ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
әрі оны Исраил Йаъқубтың ұрпақтарына Елші етеді. Иса «Ақиқатында мен сендерге Раббыңыздан бір белгі-мұғжизамен келдім. Сендерге лайдан құс секілді жасаймын, сөйтіп оған үрлегенімде, ол Аллаһтың қалауымен құс болады. Сондай-ақ, тума соқыр мен алапесті айықтырып, Аллаһтың қалауымен өлілерді тірілтемін әрі сендерге үйлерінде не жеп, нені сақтап жинағандарыңның хабарын беремін. Егер иманды мүмін болсаңдар, осы нәрселерде сендер үшін белгі-ғибрат бар

Choose other languages: