Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahzab Ayahs #40 Translated in Kazakh

وَمَا كَانَ لِمُؤْمِنٍ وَلَا مُؤْمِنَةٍ إِذَا قَضَى اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَمْرًا أَنْ يَكُونَ لَهُمُ الْخِيَرَةُ مِنْ أَمْرِهِمْ ۗ وَمَنْ يَعْصِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَقَدْ ضَلَّ ضَلَالًا مُبِينًا
Аллаһ және Оның Елшісі қашан бір іске үкім етсе, ешбір иманды ер мен иманды әйелге ол істі өз білгеніне, таңдауға салуына болмайды. Ал кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнбаса, онда анық адасуға түсті
وَإِذْ تَقُولُ لِلَّذِي أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيْهِ وَأَنْعَمْتَ عَلَيْهِ أَمْسِكْ عَلَيْكَ زَوْجَكَ وَاتَّقِ اللَّهَ وَتُخْفِي فِي نَفْسِكَ مَا اللَّهُ مُبْدِيهِ وَتَخْشَى النَّاسَ وَاللَّهُ أَحَقُّ أَنْ تَخْشَاهُ ۖ فَلَمَّا قَضَىٰ زَيْدٌ مِنْهَا وَطَرًا زَوَّجْنَاكَهَا لِكَيْ لَا يَكُونَ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ حَرَجٌ فِي أَزْوَاجِ أَدْعِيَائِهِمْ إِذَا قَضَوْا مِنْهُنَّ وَطَرًا ۚ وَكَانَ أَمْرُ اللَّهِ مَفْعُولًا
Ей, Мұхаммед! Міне, кезінде сен Аллаһ оған игілік бергенге әрі өзің де игілік еткенге: «Әйелінді өзіңде ұста әрі Аллаһтан Оның тыйымдарынан қорқып, сақтан», дедің. Аллаһ саған уахи етіп анық білдіргенді ішіңде жасыруда әрі адамдардың дұрыс түсінбеуінен қорқуда едің. Алайда қорқуыңа бәрінен де Аллаһ лайықты. Зәйд ол әйелде одан қажетін бітірген онымен айрылысқан кезде, Біз сені оған Зәйнабқа үйлендірдік. бұл имандыларға мүміндерге , асырап алған балалары әйелдерінен қажетін аяқтаған айрылысқан кезде, Оларға қатысты ешбір айып болмауы үшін. Аллаһтың бұйрығы міндетті түрде орындалады
مَا كَانَ عَلَى النَّبِيِّ مِنْ حَرَجٍ فِيمَا فَرَضَ اللَّهُ لَهُ ۖ سُنَّةَ اللَّهِ فِي الَّذِينَ خَلَوْا مِنْ قَبْلُ ۚ وَكَانَ أَمْرُ اللَّهِ قَدَرًا مَقْدُورًا
Пайғамбарға Аллаһтың оған міндеттеген нәрсесінде еш айып жоқ. Бұл Аллаһтың бұрынғы өткендерге де қатысты жолы. Әрі Аллаһтың әмірі алдын ала белгіленген бір шешім
الَّذِينَ يُبَلِّغُونَ رِسَالَاتِ اللَّهِ وَيَخْشَوْنَهُ وَلَا يَخْشَوْنَ أَحَدًا إِلَّا اللَّهَ ۗ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ حَسِيبًا
Олар пайғамбарлар Аллаһтың жібергенін жеткізетіндер әрі Аллаһтан ғана қорқып, Одан басқа ешкімнен қорықпайтындар. Ал, Аллаһ есеп жүргізуде жеткілікті
مَا كَانَ مُحَمَّدٌ أَبَا أَحَدٍ مِنْ رِجَالِكُمْ وَلَٰكِنْ رَسُولَ اللَّهِ وَخَاتَمَ النَّبِيِّينَ ۗ وَكَانَ اللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمًا
Мұхаммед сендерден ешбір ер кісілердің әкесі емес, бірақ, Аллаһтың Елшісі әрі пайғамбарлардың соңы. Аллаһ барлық нәрсені Білуші

Choose other languages: