Surah Al-Anfal Translated in Kazakh
يَسْأَلُونَكَ عَنِ الْأَنْفَالِ ۖ قُلِ الْأَنْفَالُ لِلَّهِ وَالرَّسُولِ ۖ فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَصْلِحُوا ذَاتَ بَيْنِكُمْ ۖ وَأَطِيعُوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Ей, Мұхаммед! Олар сақабалар сенен олжалар туралы сұрайды. Айт: «Олжалар Аллаһқа және Оның Елшісіне тән. Тақуалық етіңдер Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар және араларыңдағыны түзетіңдер. Егер иманды мүмін болсаңдар, Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар»-деп
إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ الَّذِينَ إِذَا ذُكِرَ اللَّهُ وَجِلَتْ قُلُوبُهُمْ وَإِذَا تُلِيَتْ عَلَيْهِمْ آيَاتُهُ زَادَتْهُمْ إِيمَانًا وَعَلَىٰ رَبِّهِمْ يَتَوَكَّلُونَ
Шын мәнінде, имандылар мүміндер олар Аллаһ еске алынған кезде, жүректері Раббысының жазасынан қорқып діріл қағатындар, және Оның аяттары оқылғанда, ол аяттар оларда иманды арттырады әрі олар Раббысына жүгініп, Оған істерін тапсыратындар тәуекел ететіндер
الَّذِينَ يُقِيمُونَ الصَّلَاةَ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنْفِقُونَ
Солар намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайтындар және Біз ризық етіп бергендерден тиісті орынға жұмсайтындар
أُولَٰئِكَ هُمُ الْمُؤْمِنُونَ حَقًّا ۚ لَهُمْ دَرَجَاتٌ عِنْدَ رَبِّهِمْ وَمَغْفِرَةٌ وَرِزْقٌ كَرِيمٌ
Міне, солар шын имандылар мүміндер . Олар үшін олардың Раббысының алдында дәрежелер, кешірім және кең ризық бар
كَمَا أَخْرَجَكَ رَبُّكَ مِنْ بَيْتِكَ بِالْحَقِّ وَإِنَّ فَرِيقًا مِنَ الْمُؤْمِنِينَ لَكَارِهُونَ
Ей, Мұхаммед! Раббың сені үйіңнен ақиқатпен шығарғанда, имандылардың мүміндердің бір тобы мұны қаламаған еді
يُجَادِلُونَكَ فِي الْحَقِّ بَعْدَمَا تَبَيَّنَ كَأَنَّمَا يُسَاقُونَ إِلَى الْمَوْتِ وَهُمْ يَنْظُرُونَ
Олар сенімен ақиқат анықталғаннан кейін де ол жөнінде тартысқан еді, бейне бір өлімге айдалып бара жатқанын көріп тұрғандай
وَإِذْ يَعِدُكُمُ اللَّهُ إِحْدَى الطَّائِفَتَيْنِ أَنَّهَا لَكُمْ وَتَوَدُّونَ أَنَّ غَيْرَ ذَاتِ الشَّوْكَةِ تَكُونُ لَكُمْ وَيُرِيدُ اللَّهُ أَنْ يُحِقَّ الْحَقَّ بِكَلِمَاتِهِ وَيَقْطَعَ دَابِرَ الْكَافِرِينَ
Сонда, Аллаһ сендерге екі топтың керуен мен әскер бірі сендердікі болатынын уәде еткен еді. Сендер қарусыз топтың керуеннің өздеріңдікі болуын қаладыңдар. Ал, Аллаһ Өзінің сөздері арқылы ақиқатты шындыққа шығаруды және кәпірлердің соңын үзуді жоюды қалайды
لِيُحِقَّ الْحَقَّ وَيُبْطِلَ الْبَاطِلَ وَلَوْ كَرِهَ الْمُجْرِمُونَ
қылмыскерлер жек көрсе де ақиқатты шындыққа шығару және жалғанды бекер ету үшін
إِذْ تَسْتَغِيثُونَ رَبَّكُمْ فَاسْتَجَابَ لَكُمْ أَنِّي مُمِدُّكُمْ بِأَلْفٍ مِنَ الْمَلَائِكَةِ مُرْدِفِينَ
Сол кезде, сендер өздеріңнің Раббыңнан жәрдем тілегендеріңде Ол: «Сендерге бірінен кейін бірі ерген мың періштемен көмек беремін», деп жауап берді
وَمَا جَعَلَهُ اللَّهُ إِلَّا بُشْرَىٰ وَلِتَطْمَئِنَّ بِهِ قُلُوبُكُمْ ۚ وَمَا النَّصْرُ إِلَّا مِنْ عِنْدِ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Аллаһ мұны сендерге қуанышты хабар ретінде әрі осы арқылы жүректеріңнің орнығуы үшін істеді. Көмек тек қана Аллаһтан. Ақиқатында, Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана
Load More