Surah Al-Araf Translated in Kazakh
كِتَابٌ أُنْزِلَ إِلَيْكَ فَلَا يَكُنْ فِي صَدْرِكَ حَرَجٌ مِنْهُ لِتُنْذِرَ بِهِ وَذِكْرَىٰ لِلْمُؤْمِنِينَ
Ей, Мұхаммед! Саған, Құран ол арқылы ескертуің үшін әрі имандыларға еске салу ретінде түсірілген Кітап. Сондықтан одан кеудең қысылмасын
اتَّبِعُوا مَا أُنْزِلَ إِلَيْكُمْ مِنْ رَبِّكُمْ وَلَا تَتَّبِعُوا مِنْ دُونِهِ أَوْلِيَاءَ ۗ قَلِيلًا مَا تَذَكَّرُونَ
Өздеріңе Раббыңыздан түсірілгенге еріндер. Әрі Одан өзгені қамқоршы етіп ермеңдер. Сендер бұйырылғанды, өсиетті өте аз еске аласыңдар
وَكَمْ مِنْ قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَاهَا فَجَاءَهَا بَأْسُنَا بَيَاتًا أَوْ هُمْ قَائِلُونَ
Біз қаншама елді мекенді жойып жібердік. Оларға азабымыз түн ішінде немесе тал түсте, дем алып жатқандарында келді
فَمَا كَانَ دَعْوَاهُمْ إِذْ جَاءَهُمْ بَأْسُنَا إِلَّا أَنْ قَالُوا إِنَّا كُنَّا ظَالِمِينَ
Азабымыз келген кезде олар: «Ақиқатында, біз әділетсіз болған екенбіз», дегеннен басқа сөз айтпады
فَلَنَسْأَلَنَّ الَّذِينَ أُرْسِلَ إِلَيْهِمْ وَلَنَسْأَلَنَّ الْمُرْسَلِينَ
Біз міндетті түрде өздеріне Елші жіберілгендерді сұраққа аламыз және жіберілген елшілерден де сұраймыз
فَلَنَقُصَّنَّ عَلَيْهِمْ بِعِلْمٍ ۖ وَمَا كُنَّا غَائِبِينَ
Біз оларға біліммен баян етеміз. Әрі Біз оларды қатысуымызсыз, сырт қалдырған жоқпыз
وَالْوَزْنُ يَوْمَئِذٍ الْحَقُّ ۚ فَمَنْ ثَقُلَتْ مَوَازِينُهُ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ
Ол Күні таразыға тарту ақиқат. Сонда таразылары жақсылықта ауыр тартқандар, міне, солар нағыз жетістікке жетушілер
وَمَنْ خَفَّتْ مَوَازِينُهُ فَأُولَٰئِكَ الَّذِينَ خَسِرُوا أَنْفُسَهُمْ بِمَا كَانُوا بِآيَاتِنَا يَظْلِمُونَ
Ал, таразылары жеңіл тартқандар, міне, солар аяттарымызға әділетсіздік еткендіктері үшін өздеріне зиян келтіргендер
وَلَقَدْ مَكَّنَّاكُمْ فِي الْأَرْضِ وَجَعَلْنَا لَكُمْ فِيهَا مَعَايِشَ ۗ قَلِيلًا مَا تَشْكُرُونَ
Ақиқатында, Біз сендерді жерде орнықтырдық. Әрі өздеріңе онда тіршілікке қажетті нәрселерді жасадық. Сендер аз шүкір етесіңдер Аллаһтың берген игіліктеріне аз алғыс білдіресіңдер
Load More