Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Translated in Kazakh

الم
Әлиф Ләм Мим
ذَٰلِكَ الْكِتَابُ لَا رَيْبَ ۛ فِيهِ ۛ هُدًى لِلْمُتَّقِينَ
Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші
الَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِالْغَيْبِ وَيُقِيمُونَ الصَّلَاةَ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنْفِقُونَ
Олар ғайыпқа сенеді, намазды толық орындайды әрі Біз өздеріне берген ризықтан бір бөлігін жұмсайды
وَالَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ وَمَا أُنْزِلَ مِنْ قَبْلِكَ وَبِالْآخِرَةِ هُمْ يُوقِنُونَ
Ей, Мұхаммед! Олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрын түсірілгенге сенеді және соңғы, ақиретке айқын сенеді
أُولَٰئِكَ عَلَىٰ هُدًى مِنْ رَبِّهِمْ ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ
Міне солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا سَوَاءٌ عَلَيْهِمْ أَأَنْذَرْتَهُمْ أَمْ لَمْ تُنْذِرْهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) расында қарсы болғандарды, үгіттесең де үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді
خَتَمَ اللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ وَعَلَىٰ سَمْعِهِمْ ۖ وَعَلَىٰ أَبْصَارِهِمْ غِشَاوَةٌ ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ
Аллаһ олардың жүректері мен естулерін мөрлеген және олардың көрулеріне перде қойған. Сондай-ақ, оларға өте үлкен азап бар
وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يَقُولُ آمَنَّا بِاللَّهِ وَبِالْيَوْمِ الْآخِرِ وَمَا هُمْ بِمُؤْمِنِينَ
Әрі адамдардың кейбірі: «Аллаһқа және Ақирет күніне сендік», деп айтады. Бірақ олар иманды адам емес
يُخَادِعُونَ اللَّهَ وَالَّذِينَ آمَنُوا وَمَا يَخْدَعُونَ إِلَّا أَنْفُسَهُمْ وَمَا يَشْعُرُونَ
Олар Аллаһты және иманға келгендерді алдамақшы болады. Бірақ олар өздерін ғана алдайды әрі оны сезбейді
فِي قُلُوبِهِمْ مَرَضٌ فَزَادَهُمُ اللَّهُ مَرَضًا ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ بِمَا كَانُوا يَكْذِبُونَ
Олардың жүректерінде дерт бар. Аллаһ олардың дертін арттыра түсті. Әрі оларға өтірік айтқандары себепті күйзелтуші азап бар
Load More