Surah Al-Insan Translated in Kazakh
هَلْ أَتَىٰ عَلَى الْإِنْسَانِ حِينٌ مِنَ الدَّهْرِ لَمْ يَكُنْ شَيْئًا مَذْكُورًا
Адамға ол еске алынбаған кезінен жаратылғанға дейін біраз уақыт өтпеді ме
إِنَّا خَلَقْنَا الْإِنْسَانَ مِنْ نُطْفَةٍ أَمْشَاجٍ نَبْتَلِيهِ فَجَعَلْنَاهُ سَمِيعًا بَصِيرًا
Ақиқатында, Біз адам баласын араласқан бір тамшыдан жараттық. Біз оны сынаймыз. Сөйтіп, оны еститін, көретін еттік
إِنَّا هَدَيْنَاهُ السَّبِيلَ إِمَّا شَاكِرًا وَإِمَّا كَفُورًا
Күмәнсіз, Біз оны тура жолға түсірдік. Ол не шүкір етер Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірер , немесе күпірлік етер ол игіліктерді мойындамай теріске шығарар
إِنَّا أَعْتَدْنَا لِلْكَافِرِينَ سَلَاسِلَ وَأَغْلَالًا وَسَعِيرًا
Ақиқатында, Біз, кәпірлер үшін шынжырлар, бұғаулар және Саъирді әзірледік
إِنَّ الْأَبْرَارَ يَشْرَبُونَ مِنْ كَأْسٍ كَانَ مِزَاجُهَا كَافُورًا
Әлбетте ізгілер кафур араластырған кеседен сусын ішеді
عَيْنًا يَشْرَبُ بِهَا عِبَادُ اللَّهِ يُفَجِّرُونَهَا تَفْجِيرًا
Аллаһтың құлдары ішетін бір бұлақтан, олар оны қалағанынша ағызады
يُوفُونَ بِالنَّذْرِ وَيَخَافُونَ يَوْمًا كَانَ شَرُّهُ مُسْتَطِيرًا
Олар нәзірді Аллаһ жолына атағанын орындайды және жамандығы кең жайылатын Күннен қорқады
وَيُطْعِمُونَ الطَّعَامَ عَلَىٰ حُبِّهِ مِسْكِينًا وَيَتِيمًا وَأَسِيرًا
Өздері тамақты қалап тұрғанына қарамастан, оны кедейге, жетімге және тұтқынға жегізеді
إِنَّمَا نُطْعِمُكُمْ لِوَجْهِ اللَّهِ لَا نُرِيدُ مِنْكُمْ جَزَاءً وَلَا شُكُورًا
Олар!: «Шын мәнінде біз сендерді Аллаһтың дидары үшін тамақтандырамыз. Сендерден сый да, алғыс та қаламаймыз
إِنَّا نَخَافُ مِنْ رَبِّنَا يَوْمًا عَبُوسًا قَمْطَرِيرًا
Ақиқатында, біз Раббымыздан болатын түнерген, ауыр бір Күннен қорқамыз», дейді
Load More