Surah Al-Isra Translated in Kazakh
سُبْحَانَ الَّذِي أَسْرَىٰ بِعَبْدِهِ لَيْلًا مِنَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ إِلَى الْمَسْجِدِ الْأَقْصَى الَّذِي بَارَكْنَا حَوْلَهُ لِنُرِيَهُ مِنْ آيَاتِنَا ۚ إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْبَصِيرُ
Құлын бір түнде әл-Харам мешітінен белгілеріміздің кейбірін көрсетуіміз үшін, Біз төңірегін берекелі еткен әл-Ақса мешітіне алып барған Ол барлық кемшіліктен пәк. Күмәнсіз, Ол бәрін Естуші, әрбір нәрсені
وَآتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ وَجَعَلْنَاهُ هُدًى لِبَنِي إِسْرَائِيلَ أَلَّا تَتَّخِذُوا مِنْ دُونِي وَكِيلًا
Біз Мұсаға Кітапты бердік әрі оны Кітапты Исраил ұрпақтарына тура жолды ұстануға басшылық етіп: «Сендер Менен басқаны өздеріңді сеніп тапсыратын Ие Уакил етіп алмаңдар!» дедік
ذُرِّيَّةَ مَنْ حَمَلْنَا مَعَ نُوحٍ ۚ إِنَّهُ كَانَ عَبْدًا شَكُورًا
Ей, Нұхпен бірге кемеде алып жүргендеріміздің ұрпағы! Негізінде, ол Нұх шүкір етуші Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдіруші құл еді
وَقَضَيْنَا إِلَىٰ بَنِي إِسْرَائِيلَ فِي الْكِتَابِ لَتُفْسِدُنَّ فِي الْأَرْضِ مَرَّتَيْنِ وَلَتَعْلُنَّ عُلُوًّا كَبِيرًا
Біз Исраил ұрпақтарына Кітапта: «Сендер бұл жерде екі рет бұзғыншылық істейсіңдер және тым өрескел астамшылық етесіңдер», -деп алдын ала жаздық белгіледік
فَإِذَا جَاءَ وَعْدُ أُولَاهُمَا بَعَثْنَا عَلَيْكُمْ عِبَادًا لَنَا أُولِي بَأْسٍ شَدِيدٍ فَجَاسُوا خِلَالَ الدِّيَارِ ۚ وَكَانَ وَعْدًا مَفْعُولًا
Бұл екеуінің алғашқысының уәдесі келген кезде Біз сендерге қарсы өте қуатты құлдарымызды жібердік те олар үйлердің арасын шарлады. Сөйтіп ол орындалған бір уәде болды
ثُمَّ رَدَدْنَا لَكُمُ الْكَرَّةَ عَلَيْهِمْ وَأَمْدَدْنَاكُمْ بِأَمْوَالٍ وَبَنِينَ وَجَعَلْنَاكُمْ أَكْثَرَ نَفِيرًا
Содан кейін сендер үшін оларға қарсы қайта жеңіс беріп әрі сендерді байлық және ұлдармен қолдап, жасақтарыңды көбейттік
إِنْ أَحْسَنْتُمْ أَحْسَنْتُمْ لِأَنْفُسِكُمْ ۖ وَإِنْ أَسَأْتُمْ فَلَهَا ۚ فَإِذَا جَاءَ وَعْدُ الْآخِرَةِ لِيَسُوءُوا وُجُوهَكُمْ وَلِيَدْخُلُوا الْمَسْجِدَ كَمَا دَخَلُوهُ أَوَّلَ مَرَّةٍ وَلِيُتَبِّرُوا مَا عَلَوْا تَتْبِيرًا
Жақсылық жасасаңдар, өздерің үшін жасадыңдар. Ал жамандық жасасандар, ол да өздеріңе. Соңғы уәде келген кезде, жүздеріңе қайғы орнату үшін жауларың мешітке алдын кіргендей кіреді де, өздері басып алғанды қиратады
عَسَىٰ رَبُّكُمْ أَنْ يَرْحَمَكُمْ ۚ وَإِنْ عُدْتُمْ عُدْنَا ۘ وَجَعَلْنَا جَهَنَّمَ لِلْكَافِرِينَ حَصِيرًا
Сендерге Раббыңыз рақым етер. Ал, егер қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Біз Жаһаннамды кәпірлерге қамалатын орын етеміз
إِنَّ هَٰذَا الْقُرْآنَ يَهْدِي لِلَّتِي هِيَ أَقْوَمُ وَيُبَشِّرُ الْمُؤْمِنِينَ الَّذِينَ يَعْمَلُونَ الصَّالِحَاتِ أَنَّ لَهُمْ أَجْرًا كَبِيرًا
Анығында, бұл Құран ең тура дұрыс болғанға бастайды әрі ізгі амал істейтін имандыларға оларға үлкен сый болатыны жайлы қуанышты хабар жеткізеді
وَأَنَّ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِالْآخِرَةِ أَعْتَدْنَا لَهُمْ عَذَابًا أَلِيمًا
Әрі соңғы мәңгілік өмірге ақиретке сенбейтіндер үшін қинаушы азап әзірледік
Load More