Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #115 Translated in Kazakh

وَإِذْ أَوْحَيْتُ إِلَى الْحَوَارِيِّينَ أَنْ آمِنُوا بِي وَبِرَسُولِي قَالُوا آمَنَّا وَاشْهَدْ بِأَنَّنَا مُسْلِمُونَ
Әрі сонда хауарилерге Исаның жәрдемшілеріне : «Маған және Менің Елшіме сеніңдер», деп білдіргенімізде, олар: «Біз сендік, біздің мұсылман бойсұнушы екенімізге куә бол», деді
إِذْ قَالَ الْحَوَارِيُّونَ يَا عِيسَى ابْنَ مَرْيَمَ هَلْ يَسْتَطِيعُ رَبُّكَ أَنْ يُنَزِّلَ عَلَيْنَا مَائِدَةً مِنَ السَّمَاءِ ۖ قَالَ اتَّقُوا اللَّهَ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Сол уақытта хауарилер Исаның жәрдемшілері : «Ей, Мәриямның ұлы Иса! Раббың бізге аспаннан бір жасаулы дастархан түсіре ала ма?» деген еді. Иса : «Егер иманды мүмін болсаңдар, Аллаһтан Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар », деді
قَالُوا نُرِيدُ أَنْ نَأْكُلَ مِنْهَا وَتَطْمَئِنَّ قُلُوبُنَا وَنَعْلَمَ أَنْ قَدْ صَدَقْتَنَا وَنَكُونَ عَلَيْهَا مِنَ الشَّاهِدِينَ
Хауарилер : «Біз одан жегіміз келеді және жүректеріміздің орнығуын, сенің бізге шындықты айтқаныңды білуді және ол жайлы куә болушылардан болуды қалаймыз», деді
قَالَ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ اللَّهُمَّ رَبَّنَا أَنْزِلْ عَلَيْنَا مَائِدَةً مِنَ السَّمَاءِ تَكُونُ لَنَا عِيدًا لِأَوَّلِنَا وَآخِرِنَا وَآيَةً مِنْكَ ۖ وَارْزُقْنَا وَأَنْتَ خَيْرُ الرَّازِقِينَ
Мәриямның ұлы Иса: «Йа, Аллаһ! Раббымыз! Бізге аспаннан бір жасаулы дастархан түсір! Алғашқыларымызға және кейінгілерімізге бір мейрам әрі Сенен бір белгі болсын. Сондай-ақ, бізге ризық бер! Сен ең қайырлы ризық Берушісің», деді
قَالَ اللَّهُ إِنِّي مُنَزِّلُهَا عَلَيْكُمْ ۖ فَمَنْ يَكْفُرْ بَعْدُ مِنْكُمْ فَإِنِّي أُعَذِّبُهُ عَذَابًا لَا أُعَذِّبُهُ أَحَدًا مِنَ الْعَالَمِينَ
Аллаһ: «Ақиқатында, Мен оны сен­дерге түсіремін. Бірақ содан кейін сендерден кім күпірлік етсе иманды теріске шығарса , оны әлемдердің ішінде ешкімді азаптамайтын азаппен азаптаймын», деді

Choose other languages: