Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #99 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَقْتُلُوا الصَّيْدَ وَأَنْتُمْ حُرُمٌ ۚ وَمَنْ قَتَلَهُ مِنْكُمْ مُتَعَمِّدًا فَجَزَاءٌ مِثْلُ مَا قَتَلَ مِنَ النَّعَمِ يَحْكُمُ بِهِ ذَوَا عَدْلٍ مِنْكُمْ هَدْيًا بَالِغَ الْكَعْبَةِ أَوْ كَفَّارَةٌ طَعَامُ مَسَاكِينَ أَوْ عَدْلُ ذَٰلِكَ صِيَامًا لِيَذُوقَ وَبَالَ أَمْرِهِ ۗ عَفَا اللَّهُ عَمَّا سَلَفَ ۚ وَمَنْ عَادَ فَيَنْتَقِمُ اللَّهُ مِنْهُ ۗ وَاللَّهُ عَزِيزٌ ذُو انْتِقَامٍ
Ей, иманға келгендер! Ихрамда болған кездеріңде аңдарды өлтірмеңдер. Сендерден кім оны әдейілеп өлтірсе, оның жазасы өтемі өлтіргеніндей бір мал. Ол туралы сендерден екі әділ кісі Қағбаға жеткізілетін құрбандық ретінде үкім береді. Немесе ісінің жазасын тартуы үшін оның кәффәраты күнәсінің өтемі кедейлерді тамақтандыру не оның орнына ораза ұстауы. Аллаһ өткенді кешірді. Ал кім осы істерге қайтса, Аллаһ оны жазалайды. Аллаһ бәрінен Үстем, жазалау күшіне Ие
أُحِلَّ لَكُمْ صَيْدُ الْبَحْرِ وَطَعَامُهُ مَتَاعًا لَكُمْ وَلِلسَّيَّارَةِ ۖ وَحُرِّمَ عَلَيْكُمْ صَيْدُ الْبَرِّ مَا دُمْتُمْ حُرُمًا ۗ وَاتَّقُوا اللَّهَ الَّذِي إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ
Сендерге жергіліктілерге және жолаушыларға пайдалануларың үшін ихрам кезінде теңіз аңы мен тағамдары рұқсат етілді. Ал, құрлықтағы аң ихрамда болған кездеріңде, сендерге тыйым салынды. Өздерің алдына жиналатын Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар
جَعَلَ اللَّهُ الْكَعْبَةَ الْبَيْتَ الْحَرَامَ قِيَامًا لِلنَّاسِ وَالشَّهْرَ الْحَرَامَ وَالْهَدْيَ وَالْقَلَائِدَ ۚ ذَٰلِكَ لِتَعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ وَأَنَّ اللَّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Аллаһ тыйым салынған үй Қағбаны адамдар үшін тірек етті, сондай-ақ тыйым салынған айды және құрбандыққа әкеле жатқан және алқа тағылған белгіленген құрбандық малдарды да. бұл Аллаһтың аспандардағы және жердегілердің бәрін білетіндігін әрі Аллаһтың барлық нәрсені Білуші екендігін білулерің үшін
اعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ وَأَنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Біліңдер, күмәнсіз, Аллаһ жазалауда қатты және шын мәнінде, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
مَا عَلَى الرَّسُولِ إِلَّا الْبَلَاغُ ۗ وَاللَّهُ يَعْلَمُ مَا تُبْدُونَ وَمَا تَكْتُمُونَ
Елшінің міндеті жеткізу ғана. Аллаһ сендердің әшкере жасағандарыңды және жасырғандарыңды біледі

Choose other languages: