Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Mulk Translated in Kazakh

تَبَارَكَ الَّذِي بِيَدِهِ الْمُلْكُ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Билік қолында болған Ол аса Берекелі әрі Ол барлық нәрсені Жасай алушы
الَّذِي خَلَقَ الْمَوْتَ وَالْحَيَاةَ لِيَبْلُوَكُمْ أَيُّكُمْ أَحْسَنُ عَمَلًا ۚ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْغَفُورُ
Ол өлім және өмірді сендердің қайсыларың амал етуде жақсырақ екенін сынау үшін жаратқан. Әрі Ол аса Үстем, өте Кешірімді
الَّذِي خَلَقَ سَبْعَ سَمَاوَاتٍ طِبَاقًا ۖ مَا تَرَىٰ فِي خَلْقِ الرَّحْمَٰنِ مِنْ تَفَاوُتٍ ۖ فَارْجِعِ الْبَصَرَ هَلْ تَرَىٰ مِنْ فُطُورٍ
Жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқан Сол Аллаһ . Әр-Рахманның аса Қайырымдының жаратуында ешбір кемшілік көрмейсің. Қайта көз салшы, қандай да бір сәйкессіздік көре аласың ба
ثُمَّ ارْجِعِ الْبَصَرَ كَرَّتَيْنِ يَنْقَلِبْ إِلَيْكَ الْبَصَرُ خَاسِئًا وَهُوَ حَسِيرٌ
Содан кейін де көзіңді қайта сал. Көзің саған қажып, талған күйде қайтады
وَلَقَدْ زَيَّنَّا السَّمَاءَ الدُّنْيَا بِمَصَابِيحَ وَجَعَلْنَاهَا رُجُومًا لِلشَّيَاطِينِ ۖ وَأَعْتَدْنَا لَهُمْ عَذَابَ السَّعِيرِ
Ақиқатында Біз төменгі аспанды шырақтармен аспан денелерімен безендірдік әрі оларды шайтандарды қайтаратын нәрсе еттік. Әрі Біз оларға шайтандарға Саъир (Тозақтың бір аты. Мағнасы жалынды от) азабын әзірледік
وَلِلَّذِينَ كَفَرُوا بِرَبِّهِمْ عَذَابُ جَهَنَّمَ ۖ وَبِئْسَ الْمَصِيرُ
Сондай-ақ өздерінің Раббысына, сондай күпірлік еткендерге сенбегендерге Жаһаннам (Тозақ) азабы бар. Ол баратын орын неткен жаман
إِذَا أُلْقُوا فِيهَا سَمِعُوا لَهَا شَهِيقًا وَهِيَ تَفُورُ
Олар имансыздар онда лақтырылған кезде, оның өкіргенін естиді, әрі ол бұрқылдап қайнап тұрады
تَكَادُ تَمَيَّزُ مِنَ الْغَيْظِ ۖ كُلَّمَا أُلْقِيَ فِيهَا فَوْجٌ سَأَلَهُمْ خَزَنَتُهَا أَلَمْ يَأْتِكُمْ نَذِيرٌ
Ол қатты ашудан жарылып кете жаздайды. Оған бір топ лақтырылған сайын, оның сақшылары олардан: «Сендерге ескертуші келмеген бе еді?» деп сұрайды
قَالُوا بَلَىٰ قَدْ جَاءَنَا نَذِيرٌ فَكَذَّبْنَا وَقُلْنَا مَا نَزَّلَ اللَّهُ مِنْ شَيْءٍ إِنْ أَنْتُمْ إِلَّا فِي ضَلَالٍ كَبِيرٍ
Олар: «Иә, солай, бізге ескертуші келген еді. Бірақ біз оны өтірікші санап: «Аллаһ еш нәрсе түсірмеген. Сендер бар болғаны үлкен адасудасыңдар», дегенбіз», дейді
وَقَالُوا لَوْ كُنَّا نَسْمَعُ أَوْ نَعْقِلُ مَا كُنَّا فِي أَصْحَابِ السَّعِيرِ
Әрі олар: «Егер де біз тыңдағанымызда не ақылымызды істеткенде, Саъирға (Тозақтың бір аты. Мағнасы жалынды от) түскендер қатарында болмас едік», дейді
Load More