Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Mumenoon Ayahs #44 Translated in Kazakh

قَالَ عَمَّا قَلِيلٍ لَيُصْبِحُنَّ نَادِمِينَ
Ол: «Бір аз ғанадан соң, олар өкінушілерге айналады», деді
فَأَخَذَتْهُمُ الصَّيْحَةُ بِالْحَقِّ فَجَعَلْنَاهُمْ غُثَاءً ۚ فَبُعْدًا لِلْقَوْمِ الظَّالِمِينَ
Сонда оларды сайха алып, Біз оларды ағынсудағы секілді қоқымға айналдырдық. Әділетсіз ел Аллаһтың мейірімінен алыстатылсын
ثُمَّ أَنْشَأْنَا مِنْ بَعْدِهِمْ قُرُونًا آخَرِينَ
Кейін олардан соң басқа қауымдарды пайда еттік
مَا تَسْبِقُ مِنْ أُمَّةٍ أَجَلَهَا وَمَا يَسْتَأْخِرُونَ
Ешбір ел өзіне белгіленген мерзімінен оза алмайды әрі оны артқа да қалдыра кешіктіре алмайды
ثُمَّ أَرْسَلْنَا رُسُلَنَا تَتْرَىٰ ۖ كُلَّ مَا جَاءَ أُمَّةً رَسُولُهَا كَذَّبُوهُ ۚ فَأَتْبَعْنَا بَعْضَهُمْ بَعْضًا وَجَعَلْنَاهُمْ أَحَادِيثَ ۚ فَبُعْدًا لِقَوْمٍ لَا يُؤْمِنُونَ
Содан кейін елшілерімізді арасын үзбей, бірінен соң бірін жібердік. Әрбір халыққа өз Елшісі келген сайын, олар оны өтірікке шығарып отырды. Сонда оларды бірінің соңынан бірін құртып жібердік әрі оларды аңыз-әңгімелерге айналдырдық. Иманға келмейтін ел Аллаһтың мейірімінен алыстатылсын

Choose other languages: