Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Translated in Kazakh

طسم
Та. Син. Мим
تِلْكَ آيَاتُ الْكِتَابِ الْمُبِينِ
Бұл анық Кітаптың аяттары
نَتْلُو عَلَيْكَ مِنْ نَبَإِ مُوسَىٰ وَفِرْعَوْنَ بِالْحَقِّ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Ей, Мұхаммед! Біз сенетін адамдар үшін саған Мұса мен Фиръаунның хабарынан ақиқат бойынша оқып береміз
إِنَّ فِرْعَوْنَ عَلَا فِي الْأَرْضِ وَجَعَلَ أَهْلَهَا شِيَعًا يَسْتَضْعِفُ طَائِفَةً مِنْهُمْ يُذَبِّحُ أَبْنَاءَهُمْ وَيَسْتَحْيِي نِسَاءَهُمْ ۚ إِنَّهُ كَانَ مِنَ الْمُفْسِدِينَ
Негізінде, Фиръаун жер бетінде өз елінде өзін жоғары қойып, оның халқын бөлді. Ол Фиръаун олардың бір тобын езгіге салып, ұлдарын бауыздап, ал әйелдерін тірі қалдыратын еді. Ақиқатында, ол бұзушы-бүлдірушілерден болды
وَنُرِيدُ أَنْ نَمُنَّ عَلَى الَّذِينَ اسْتُضْعِفُوا فِي الْأَرْضِ وَنَجْعَلَهُمْ أَئِمَّةً وَنَجْعَلَهُمُ الْوَارِثِينَ
Ал, Біз ол жерде Мысырда әлсіз болғандарға игілік көрсетуді, оларды жетекші етуді әрі мұрагерлер етуді қалаймыз
وَنُمَكِّنَ لَهُمْ فِي الْأَرْضِ وَنُرِيَ فِرْعَوْنَ وَهَامَانَ وَجُنُودَهُمَا مِنْهُمْ مَا كَانُوا يَحْذَرُونَ
сондай-ақ оларға ол жерде билік беруді әрі Фиръаун мен Һаманға және екеуінің әскеріне олардың қорқып, сақтанған қауіптенген нәрселерін көрсетуді
وَأَوْحَيْنَا إِلَىٰ أُمِّ مُوسَىٰ أَنْ أَرْضِعِيهِ ۖ فَإِذَا خِفْتِ عَلَيْهِ فَأَلْقِيهِ فِي الْيَمِّ وَلَا تَخَافِي وَلَا تَحْزَنِي ۖ إِنَّا رَادُّوهُ إِلَيْكِ وَجَاعِلُوهُ مِنَ الْمُرْسَلِينَ
Әрі Біз Мұсаның анасына: «Оны еміз. Егер ол үшін оны өлтіреді деп қорықсаң, оны сандыққа салып өзенге таста. Қорықпа және қайғырма. Біз оны өзіңе, әлбетте қайтарамыз және оны елшілерден етеміз», деп көкейіне салдық
فَالْتَقَطَهُ آلُ فِرْعَوْنَ لِيَكُونَ لَهُمْ عَدُوًّا وَحَزَنًا ۗ إِنَّ فِرْعَوْنَ وَهَامَانَ وَجُنُودَهُمَا كَانُوا خَاطِئِينَ
Сонда оны Фиръаунның әулеті өздеріне жау әрі қайғы болуы үшін тауып алды. Өйткені Фиръаун мен Һаман әрі екеуінің әскері біле-тұра қателесушілерден еді
وَقَالَتِ امْرَأَتُ فِرْعَوْنَ قُرَّتُ عَيْنٍ لِي وَلَكَ ۖ لَا تَقْتُلُوهُ عَسَىٰ أَنْ يَنْفَعَنَا أَوْ نَتَّخِذَهُ وَلَدًا وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ
Әрі Фиръаунның әйелі: « Бұл менің де, сенің де көз қуанышымыз болсын. Оны өлтірмеңдер. Мүмкін ол бізге пайдасын тигізер немесе оны бала етіп алармыз», деді. Сөйтіп, олар сезбеді
وَأَصْبَحَ فُؤَادُ أُمِّ مُوسَىٰ فَارِغًا ۖ إِنْ كَادَتْ لَتُبْدِي بِهِ لَوْلَا أَنْ رَبَطْنَا عَلَىٰ قَلْبِهَا لِتَكُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ
Ал, Мұсаның анасының жүрегі қайғыға батып боп-бос болып қалды. Егер Біз оның жүрегін имандылардан болуы үшін бекітпегенімізде, ол білдіріп қоятын еді
Load More