Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Naml Ayahs #45 Translated in Kazakh

قَالَ نَكِّرُوا لَهَا عَرْشَهَا نَنْظُرْ أَتَهْتَدِي أَمْ تَكُونُ مِنَ الَّذِينَ لَا يَهْتَدُونَ
Ол: «Оның тағын, танымайтындай етіп өзгертіңдер. Ол әйел жол табар ма екен, әлде тура жолмен жүрмегендерден болар ма екен, көрейік?» деді
فَلَمَّا جَاءَتْ قِيلَ أَهَٰكَذَا عَرْشُكِ ۖ قَالَتْ كَأَنَّهُ هُوَ ۚ وَأُوتِينَا الْعِلْمَ مِنْ قَبْلِهَا وَكُنَّا مُسْلِمِينَ
Ал, ол патша әйел келген кезде, оған оның өзінің тағын сәл өзгертіп : «Сеніңтағың осындай ма еді?» деп айтылды. Ол патша әйел : «Дәл өзі сияқты», деді. Сүлеймен : «Бізге білім одан ол әйелден бұрын берілді және біз мұсылман болдық бойсұндық », деді
وَصَدَّهَا مَا كَانَتْ تَعْبُدُ مِنْ دُونِ اللَّهِ ۖ إِنَّهَا كَانَتْ مِنْ قَوْمٍ كَافِرِينَ
Ал, оны ол әйелді иманнан Аллаһтан өзге табынғандары тосқан еді. Анығында, ол кәпір елден болатын
قِيلَ لَهَا ادْخُلِي الصَّرْحَ ۖ فَلَمَّا رَأَتْهُ حَسِبَتْهُ لُجَّةً وَكَشَفَتْ عَنْ سَاقَيْهَا ۚ قَالَ إِنَّهُ صَرْحٌ مُمَرَّدٌ مِنْ قَوَارِيرَ ۗ قَالَتْ رَبِّ إِنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي وَأَسْلَمْتُ مَعَ سُلَيْمَانَ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ
Оған: «Сарайға кір», делінді. Ол оны көргенде су деп ойлап, етегін түріп балтырын ашты. Сүлеймен : «Бұл хрустальдан бір тегіс етіп жасалған сарай», деді. Сонда ол : «Раббым! Ақиқатында мен өзіме-өзім әділетсіз болыппын, мен Сүлейменмен бірге әлемдердің Раббысы Аллаһқа бойсұндым», деді
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا إِلَىٰ ثَمُودَ أَخَاهُمْ صَالِحًا أَنِ اعْبُدُوا اللَّهَ فَإِذَا هُمْ فَرِيقَانِ يَخْتَصِمُونَ
Сәмұд еліне Аллаһқа құлшылық етіңдер деп ағайыны Салихты жібердік. Сонда олар өзара тартысқан екі топқа бөлінді

Choose other languages: