Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #40 Translated in Kazakh

وَاعْبُدُوا اللَّهَ وَلَا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا ۖ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَبِذِي الْقُرْبَىٰ وَالْيَتَامَىٰ وَالْمَسَاكِينِ وَالْجَارِ ذِي الْقُرْبَىٰ وَالْجَارِ الْجُنُبِ وَالصَّاحِبِ بِالْجَنْبِ وَابْنِ السَّبِيلِ وَمَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ مَنْ كَانَ مُخْتَالًا فَخُورًا
Аллаһқа құлшылық етіңдер әрі Оған ешнәрсені серік етпеңдер. Ата-анаға жақсылық жасаңдар, сондай-ақ жақындарға, жетімдерге, кедейге, туыс көршіге, өзге туыс емес көршіге, жанындағы жолдасқа, жолда қалғанға және қол астыңдағыларға да. Ақиқатында, Аллаһ менменшілді, мақтаншақты жақсы көрмейді
الَّذِينَ يَبْخَلُونَ وَيَأْمُرُونَ النَّاسَ بِالْبُخْلِ وَيَكْتُمُونَ مَا آتَاهُمُ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ ۗ وَأَعْتَدْنَا لِلْكَافِرِينَ عَذَابًا مُهِينًا
солар, сараңдық ететін және адамдарға да сараңдық етуді бұйырып әрі Аллаһтың Өз кеңшілігінен бергенін жасыратындар. Біз, кәпірлерге қорлаушы азап әзірледік
وَالَّذِينَ يُنْفِقُونَ أَمْوَالَهُمْ رِئَاءَ النَّاسِ وَلَا يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَلَا بِالْيَوْمِ الْآخِرِ ۗ وَمَنْ يَكُنِ الشَّيْطَانُ لَهُ قَرِينًا فَسَاءَ قَرِينًا
Әрі солар мал-дүниелерін адамдарға көрсету үшін ғана жұмсайтын және Аллаһқа да, Ақирет күніне де сенбейді. Кімнің бірге жүретіні жолдасы шайтан болса, ол жолдасы қандай жаман
وَمَاذَا عَلَيْهِمْ لَوْ آمَنُوا بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَأَنْفَقُوا مِمَّا رَزَقَهُمُ اللَّهُ ۚ وَكَانَ اللَّهُ بِهِمْ عَلِيمًا
Егер де олар Аллаһқа және Ақирет күніне сеніп, Аллаһтың өздеріне ризық етіп бергендерінен жұмсаса, не зиян көрер еді? Аллаһ оларды Білуші
إِنَّ اللَّهَ لَا يَظْلِمُ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ ۖ وَإِنْ تَكُ حَسَنَةً يُضَاعِفْهَا وَيُؤْتِ مِنْ لَدُنْهُ أَجْرًا عَظِيمًا
Ақиқатында, Аллаһ заттың ең кішкентай бөлшегінің салмағындай да әділетсіздік етпейді. Егер бір жақсылық болса, Ол оны еселеп арттырады және Өзінен бір ұлы сый береді

Choose other languages: