Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nur Translated in Kazakh

سُورَةٌ أَنْزَلْنَاهَا وَفَرَضْنَاهَا وَأَنْزَلْنَا فِيهَا آيَاتٍ بَيِّنَاتٍ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ
Бұл сүре, оны Біз түсірдік және парыз еттік. Әрі онда сендердің еске алуларың үшін анық белгі-дәлелдерді түсірдік
الزَّانِيَةُ وَالزَّانِي فَاجْلِدُوا كُلَّ وَاحِدٍ مِنْهُمَا مِائَةَ جَلْدَةٍ ۖ وَلَا تَأْخُذْكُمْ بِهِمَا رَأْفَةٌ فِي دِينِ اللَّهِ إِنْ كُنْتُمْ تُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ ۖ وَلْيَشْهَدْ عَذَابَهُمَا طَائِفَةٌ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ
Зина жасаған әйел мен зина жасаған еркектің әрқайсысына жүз дүреден соғыңдар. Егер Аллаһқа және Ақирет күніне сенген болсаңдар, оларға қатысты Аллаһтың үкімін орындауда, сендерді аяушылық ұстамасын. Әрі иманға келгендерден бір топ олардың жазалануына куә болсын
الزَّانِي لَا يَنْكِحُ إِلَّا زَانِيَةً أَوْ مُشْرِكَةً وَالزَّانِيَةُ لَا يَنْكِحُهَا إِلَّا زَانٍ أَوْ مُشْرِكٌ ۚ وَحُرِّمَ ذَٰلِكَ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ
Зина жасаған еркек зина жасаған немесе мүшрік Аллаһқа серік қосушы әйелге ғана үйленеді. Сондай-ақ зина жасаған әйел де, зина жасаған немесе мүшрік еркекке ғана күйеуге шыға алады. Бұл үйленулер имандыларға тыйым харам етілген
وَالَّذِينَ يَرْمُونَ الْمُحْصَنَاتِ ثُمَّ لَمْ يَأْتُوا بِأَرْبَعَةِ شُهَدَاءَ فَاجْلِدُوهُمْ ثَمَانِينَ جَلْدَةً وَلَا تَقْبَلُوا لَهُمْ شَهَادَةً أَبَدًا ۚ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْفَاسِقُونَ
Ал, әйелдік пәктігін сақтаған әйелдерді айыптап, содан кейін төрт куә келтіре алмағандарға сексен дүре соғыңдар және олардың куәліктерін ешқашан қабылдамаңдар. Міне, солар бұзықтар бойсұнбаушылар
إِلَّا الَّذِينَ تَابُوا مِنْ بَعْدِ ذَٰلِكَ وَأَصْلَحُوا فَإِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Алайда, одан кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтқан тәубеге келген және түзеткендер басқа. Ақиқатында Аллаһ -өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
وَالَّذِينَ يَرْمُونَ أَزْوَاجَهُمْ وَلَمْ يَكُنْ لَهُمْ شُهَدَاءُ إِلَّا أَنْفُسُهُمْ فَشَهَادَةُ أَحَدِهِمْ أَرْبَعُ شَهَادَاتٍ بِاللَّهِ ۙ إِنَّهُ لَمِنَ الصَّادِقِينَ
Ал, әйелдерін зинамен айыптап, бірақ өздерінен басқа куәлары болмағандардың әрбірінің куәлігі өзінің шындықты айтып тұрғанын төрт рет қайталап Аллаһпен куәлік беруі
وَالْخَامِسَةُ أَنَّ لَعْنَتَ اللَّهِ عَلَيْهِ إِنْ كَانَ مِنَ الْكَاذِبِينَ
ал бесіншісінде, егер өзі өтірік айтушылардан болса, онда өзіне «Аллаһтың лағнеті болсын», деп айтуы
وَيَدْرَأُ عَنْهَا الْعَذَابَ أَنْ تَشْهَدَ أَرْبَعَ شَهَادَاتٍ بِاللَّهِ ۙ إِنَّهُ لَمِنَ الْكَاذِبِينَ
Ал одан әйелден жазаны, оның ол күйеуі туралы өтірік айтушылардан екеніне төрт рет Аллаһпен куәлік беруі қайтарады
وَالْخَامِسَةَ أَنَّ غَضَبَ اللَّهِ عَلَيْهَا إِنْ كَانَ مِنَ الصَّادِقِينَ
Бесіншісінде, әйел, егер ол күйеуі шындықты айтқандардан болса, әйел өзіне «Аллаһтың қаһары болсын», дейді
وَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ وَأَنَّ اللَّهَ تَوَّابٌ حَكِيمٌ
Егер Аллаһтың сендерге деген кеңшілігі мен мейірімі болмаса және Аллаһ тәубені істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуғақайтуды қабыл етуші, әрі аса Дана болмағанда еді онда жазаға тез тартылар едіңдер
Load More