Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rad Translated in Kazakh

المر ۚ تِلْكَ آيَاتُ الْكِتَابِ ۗ وَالَّذِي أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ الْحَقُّ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يُؤْمِنُونَ
Әлиф Ләм Ра. Ей, Мұхаммед! Бұл Кітаптың аяттары. Әрі Раббыңнан саған түсірілгендер ақиқат. Алайда, адамдардың көбі сенбейді
اللَّهُ الَّذِي رَفَعَ السَّمَاوَاتِ بِغَيْرِ عَمَدٍ تَرَوْنَهَا ۖ ثُمَّ اسْتَوَىٰ عَلَى الْعَرْشِ ۖ وَسَخَّرَ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ ۖ كُلٌّ يَجْرِي لِأَجَلٍ مُسَمًّى ۚ يُدَبِّرُ الْأَمْرَ يُفَصِّلُ الْآيَاتِ لَعَلَّكُمْ بِلِقَاءِ رَبِّكُمْ تُوقِنُونَ
Аллаһ Ол аспандарды тірексіз көтерген, оны тіректі болғанда көретін едіңдер, кейін Аршыға көтерілді. Әрі күн мен айды бағынышты етті. Олардың әрқайсысы белгіленген бір мерзімге дейін қозғалады. Ол бүкіл істерді басқарады әрі өздеріңнің Раббыңа жолығуға айқын сенулерің үшін белгі-дәлелдерді анық етіп түсіндіреді
وَهُوَ الَّذِي مَدَّ الْأَرْضَ وَجَعَلَ فِيهَا رَوَاسِيَ وَأَنْهَارًا ۖ وَمِنْ كُلِّ الثَّمَرَاتِ جَعَلَ فِيهَا زَوْجَيْنِ اثْنَيْنِ ۖ يُغْشِي اللَّيْلَ النَّهَارَ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ
Әрі Ол жерді созып жайып және он­да берік орнатылғандарды тауларды әрі өзендерді пайда қылған және онда жемістердің әрбірінен жұп етіп екеу жасаған. Ол түнмен күндізді жабады. Ақиқатында, осыларда ойланып қарайтын адамдар үшін белгі-дәлелдер бар
وَفِي الْأَرْضِ قِطَعٌ مُتَجَاوِرَاتٌ وَجَنَّاتٌ مِنْ أَعْنَابٍ وَزَرْعٌ وَنَخِيلٌ صِنْوَانٌ وَغَيْرُ صِنْوَانٍ يُسْقَىٰ بِمَاءٍ وَاحِدٍ وَنُفَضِّلُ بَعْضَهَا عَلَىٰ بَعْضٍ فِي الْأُكُلِ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَعْقِلُونَ
Әрі жерде бір-біріне көршілес жатқан бөліктер бар және жүзім бақтары, егіндер, бір тамырдан бірнеше болып және жалғыз болып шығатын құрма ағаштары бар. Олар бір сумен суғарылады, бірақ оларды тамақ ретінде бірінен-бірін артық етеміз. Ақиқатында, бұларда ақылмен ұғынатын адамдар үшін дәл елдер бар
وَإِنْ تَعْجَبْ فَعَجَبٌ قَوْلُهُمْ أَإِذَا كُنَّا تُرَابًا أَإِنَّا لَفِي خَلْقٍ جَدِيدٍ ۗ أُولَٰئِكَ الَّذِينَ كَفَرُوا بِرَبِّهِمْ ۖ وَأُولَٰئِكَ الْأَغْلَالُ فِي أَعْنَاقِهِمْ ۖ وَأُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Ей, Мұхаммед! Егер сен таң қалатын болсаң, олардың: «Біз топырақ болып кеткенімізде, жаңадан жаратыламыз ба?» дегендері таң қаларлық сөз. Міне, солар өздерінің Раббысына күпірлік еткендер сенбеген, қарсы келгендер . Әрі олар мойындарында бұғаулар болатындар және солар оттағылар. Олар ол жерде мәңгі қалушылар
وَيَسْتَعْجِلُونَكَ بِالسَّيِّئَةِ قَبْلَ الْحَسَنَةِ وَقَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهِمُ الْمَثُلَاتُ ۗ وَإِنَّ رَبَّكَ لَذُو مَغْفِرَةٍ لِلنَّاسِ عَلَىٰ ظُلْمِهِمْ ۖ وَإِنَّ رَبَّكَ لَشَدِيدُ الْعِقَابِ
Олар сені жақсылыққа қарағанда жамандыққа оның тез болуын сұрап асықтырады. Оларға дейін осы секілді ғибрат аларлық жазалар болып өткен еді. Анығында, Раббың адамдарға, олардың әділетсіздік етіп жатқанына қарамастан кешірім Иесі. Негізінде, Раббың жазаны беруде де қатты
وَيَقُولُ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوْلَا أُنْزِلَ عَلَيْهِ آيَةٌ مِنْ رَبِّهِ ۗ إِنَّمَا أَنْتَ مُنْذِرٌ ۖ وَلِكُلِّ قَوْمٍ هَادٍ
Әрі сондай күпірлік етушілер қарсы келушілер : «Неге оған Раббысынан бір мұғжиза түсірілмейді?» дейді. Шын мәнінде, сен бір ескертуші ғанасың. Әрі әрбір ел үшін тура жолға шақыратын жетекші бар
اللَّهُ يَعْلَمُ مَا تَحْمِلُ كُلُّ أُنْثَىٰ وَمَا تَغِيضُ الْأَرْحَامُ وَمَا تَزْدَادُ ۖ وَكُلُّ شَيْءٍ عِنْدَهُ بِمِقْدَارٍ
Аллаһ әрбір ұрғашының нені көтеріп жүргенін және жатырлардың нені кемітіп, арттыратынын біледі. Әрбір нәрсе Оның алдында өлшеулі
عَالِمُ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ الْكَبِيرُ الْمُتَعَالِ
Ол ғайып пен анық нәрсені Білуші, өте Үлкен, бәрінен Жоғары
سَوَاءٌ مِنْكُمْ مَنْ أَسَرَّ الْقَوْلَ وَمَنْ جَهَرَ بِهِ وَمَنْ هُوَ مُسْتَخْفٍ بِاللَّيْلِ وَسَارِبٌ بِالنَّهَارِ
Сендерден кім сөзді жасырса да, не оны жария сөйлесе де және кім түнде жасырынып, күндіз ашық шықса да Оған бәрі бірдей
Load More