Surah As-Saff Translated in Kazakh
سَبَّحَ لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۖ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Аспандардағылар мен жердегілер Аллаһты барлық кемшіліктен пәк деп дәріптейді. Ол өте Үстем, аса Дана
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لِمَ تَقُولُونَ مَا لَا تَفْعَلُونَ
Ей, иманға келгендер! Өздерің істемейтін істерінді не үшін айтасыңдар
كَبُرَ مَقْتًا عِنْدَ اللَّهِ أَنْ تَقُولُوا مَا لَا تَفْعَلُونَ
Өздерің істемейтін нәрсені айтуларың Аллаһтың алдында өте жеккөрінішті
إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الَّذِينَ يُقَاتِلُونَ فِي سَبِيلِهِ صَفًّا كَأَنَّهُمْ بُنْيَانٌ مَرْصُوصٌ
Анығында, Аллаһ Өзінің жолында арасы тығызқаланған қамалдай сап түзеп соғысатындарды жақсы көреді
وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِ يَا قَوْمِ لِمَ تُؤْذُونَنِي وَقَدْ تَعْلَمُونَ أَنِّي رَسُولُ اللَّهِ إِلَيْكُمْ ۖ فَلَمَّا زَاغُوا أَزَاغَ اللَّهُ قُلُوبَهُمْ ۚ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الْفَاسِقِينَ
Кезінде Мұса еліне: «Ей, елім! Аллаһтың елшісі екенімді біле тұра не үшін маған жәбір бересіңдер?» деп айтты. Олар хақтан ауытқыған кезде, Аллаһ олардың жүректерін жолдан бұрды. Аллаһ бұзық бойсұнбаушы елді тура жолға салмайды
وَإِذْ قَالَ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ يَا بَنِي إِسْرَائِيلَ إِنِّي رَسُولُ اللَّهِ إِلَيْكُمْ مُصَدِّقًا لِمَا بَيْنَ يَدَيَّ مِنَ التَّوْرَاةِ وَمُبَشِّرًا بِرَسُولٍ يَأْتِي مِنْ بَعْدِي اسْمُهُ أَحْمَدُ ۖ فَلَمَّا جَاءَهُمْ بِالْبَيِّنَاتِ قَالُوا هَٰذَا سِحْرٌ مُبِينٌ
Әрі кезінде Мәриям ұлы Иса: «Ей, Исраил ұрпақтары! Шын мәнінде, мен сендерге өзімнен алдын келген Тәураттағыны растаушы және менен кейін келетін Ахмад есімді Елші жөнінде сүйінші хабар жеткізуші ретінде жіберілген Аллаһтың елшісімін», -деген еді. Ол Оларға анық дәлелдермен келген кезде, олар: «Бұл анық сиқыр», деді
وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ الْكَذِبَ وَهُوَ يُدْعَىٰ إِلَى الْإِسْلَامِ ۚ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ
Исламға шақырыла тұра Аллаһ жайында өтірікті құрастырғаннан өткен әділетсіз кім бар? Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды
يُرِيدُونَ لِيُطْفِئُوا نُورَ اللَّهِ بِأَفْوَاهِهِمْ وَاللَّهُ مُتِمُّ نُورِهِ وَلَوْ كَرِهَ الْكَافِرُونَ
Олар Аллаһтың нұрын ауыздарымен ауызекі сөздерімен өшіруді қалайды. Алайда кәпірлер жеккөрсе де, Аллаһ Өз нұрын соңына жеткізеді
هُوَ الَّذِي أَرْسَلَ رَسُولَهُ بِالْهُدَىٰ وَدِينِ الْحَقِّ لِيُظْهِرَهُ عَلَى الدِّينِ كُلِّهِ وَلَوْ كَرِهَ الْمُشْرِكُونَ
Ол, Өз елшісін тура жолды ұстануға басшылықпен Құранмен және ақиқат дінімен Исламмен , оны барлық діндерден үстем ету үшін жіберген, мүшріктер Аллаһқа серік қосушылар мұны жек көрсе де
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا هَلْ أَدُلُّكُمْ عَلَىٰ تِجَارَةٍ تُنْجِيكُمْ مِنْ عَذَابٍ أَلِيمٍ
Ей, иманға келгендер! Сендерге өздеріңдіжантүршігерлік азаптан құтқаратын бір «сауданы» көрсетейін бе
Load More