Surah At-Tawba Translated in Kazakh
بَرَاءَةٌ مِنَ اللَّهِ وَرَسُولِهِ إِلَى الَّذِينَ عَاهَدْتُمْ مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Бұл хабар Аллаһ және Оның Елшісінен, сендер келісім жасасқан мүшріктерден Аллаһқа серік қосушылардан бас тартуы жайлы
فَسِيحُوا فِي الْأَرْضِ أَرْبَعَةَ أَشْهُرٍ وَاعْلَمُوا أَنَّكُمْ غَيْرُ مُعْجِزِي اللَّهِ ۙ وَأَنَّ اللَّهَ مُخْزِي الْكَافِرِينَ
Ей, мүшріктер, жер бетінде төрт ай бойы жүріңдер де Аллаһты әлсірете Аллаһтың жазасынан құтыла алмайтындарыңды әрі Аллаһтың кәпірлерді қор ететінін біліңдер
وَأَذَانٌ مِنَ اللَّهِ وَرَسُولِهِ إِلَى النَّاسِ يَوْمَ الْحَجِّ الْأَكْبَرِ أَنَّ اللَّهَ بَرِيءٌ مِنَ الْمُشْرِكِينَ ۙ وَرَسُولُهُ ۚ فَإِنْ تُبْتُمْ فَهُوَ خَيْرٌ لَكُمْ ۖ وَإِنْ تَوَلَّيْتُمْ فَاعْلَمُوا أَنَّكُمْ غَيْرُ مُعْجِزِي اللَّهِ ۗ وَبَشِّرِ الَّذِينَ كَفَرُوا بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
Әрі Аллаһтан және Оның Елшісінен адамдарға үлкен қажылық күні бір хабар: «Аллаһтың әрі Оның Елшісінің мүшріктерге Аллаһқа серік қосушыларға қатысы жоқ. Егер істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтсаңдар тәубегекелсеңдер , ол өздерің үшін қайырлы. Ал егер, теріс бұрылсаңдар, онда Аллаһты әлсірете алмайтындарыңды біліңдер!» Ей, Мұхаммед! Күпірлік етушілерді Аллаһқасерік қосушыларды күйзелтушіазаппен«сүйіншіле»
إِلَّا الَّذِينَ عَاهَدْتُمْ مِنَ الْمُشْرِكِينَ ثُمَّ لَمْ يَنْقُصُوكُمْ شَيْئًا وَلَمْ يُظَاهِرُوا عَلَيْكُمْ أَحَدًا فَأَتِمُّوا إِلَيْهِمْ عَهْدَهُمْ إِلَىٰ مُدَّتِهِمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُتَّقِينَ
Тек мүшріктерден Аллаһқа серікқосушылардан сендермен келісім жасасып, кейін сендерге еш нәрседе нұқсан келтірмеген және сендерге қарсы ешкімге жақтасып көмектеспегендер басқа. Олардың келісімін мерзіміне дейін толық орындаңдар. Сөзсіз Аллаһ тақуаларды Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды жақсы көреді
فَإِذَا انْسَلَخَ الْأَشْهُرُ الْحُرُمُ فَاقْتُلُوا الْمُشْرِكِينَ حَيْثُ وَجَدْتُمُوهُمْ وَخُذُوهُمْ وَاحْصُرُوهُمْ وَاقْعُدُوا لَهُمْ كُلَّ مَرْصَدٍ ۚ فَإِنْ تَابُوا وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ وَآتَوُا الزَّكَاةَ فَخَلُّوا سَبِيلَهُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Ал, тыйым салынған айлар өткен соң, мүшріктерді тапқан жерлеріңде өлтіріңдер,тұтқындаңдар, қоршауға алыңдар және әрбір жолда оларды торуылдаңдар. Егер олар істеген күнәсына шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса тәубеге келсе , намазды толық орындаса және зекетті берсе, олардың жолдарын босатыңдар. Анығында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
وَإِنْ أَحَدٌ مِنَ الْمُشْرِكِينَ اسْتَجَارَكَ فَأَجِرْهُ حَتَّىٰ يَسْمَعَ كَلَامَ اللَّهِ ثُمَّ أَبْلِغْهُ مَأْمَنَهُ ۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَوْمٌ لَا يَعْلَمُونَ
Ей, Мұхаммед Егер мүшріктердің бірі сенен өзін қорғауға алуыңды сұраса, Аллаһтың сөзін естуі үшін оны қорғауыңа ал. Содан кейін оны қауіпсіз орынға жеткіз. мұның себебі олар білмейтін адамдар
كَيْفَ يَكُونُ لِلْمُشْرِكِينَ عَهْدٌ عِنْدَ اللَّهِ وَعِنْدَ رَسُولِهِ إِلَّا الَّذِينَ عَاهَدْتُمْ عِنْدَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ ۖ فَمَا اسْتَقَامُوا لَكُمْ فَاسْتَقِيمُوا لَهُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُتَّقِينَ
Аллаһтың алдында және Оның Елшісінің алдында мүшріктерге Аллаһқа серік қосушыларға қалайша келісім болады? Бірақ, сендермен әл-Харам мешіті аймағында келісім жасасқандардың жөні бөлек. Олар сендерге келісімге қатысты туралық етсе, сендер де Оларға туралық етіңдер. Шын мәнінде, Аллаһ тақуаларды Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды жақсы көреді
كَيْفَ وَإِنْ يَظْهَرُوا عَلَيْكُمْ لَا يَرْقُبُوا فِيكُمْ إِلًّا وَلَا ذِمَّةً ۚ يُرْضُونَكُمْ بِأَفْوَاهِهِمْ وَتَأْبَىٰ قُلُوبُهُمْ وَأَكْثَرُهُمْ فَاسِقُونَ
Қалай ғана? Егер олар сендердің үстеріңнен жеңіске жетсе, сендерге қатысты туысқандықты да, келісімді де сақтамайды. Олар сендерді разы етеді де бірақ жүректері қабылдамайды. Әрі олардың көпшілігі бұзықтар
اشْتَرَوْا بِآيَاتِ اللَّهِ ثَمَنًا قَلِيلًا فَصَدُّوا عَنْ سَبِيلِهِ ۚ إِنَّهُمْ سَاءَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Олар Аллаһтың аяттарының орнына болмашы бағаны дүниелікті сатып алып, Оның жолынан адамдарды тосты. Олардың істегендері қандай жаман
لَا يَرْقُبُونَ فِي مُؤْمِنٍ إِلًّا وَلَا ذِمَّةً ۚ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُعْتَدُونَ
Олар иманды жанға мүмінге қатысты туысқандықты да, келісімді де, сақтамайды. Міне, солар шектен шығушылар
Load More