Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #84 Translated in Kazakh

اسْتَغْفِرْ لَهُمْ أَوْ لَا تَسْتَغْفِرْ لَهُمْ إِنْ تَسْتَغْفِرْ لَهُمْ سَبْعِينَ مَرَّةً فَلَنْ يَغْفِرَ اللَّهُ لَهُمْ ۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ كَفَرُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ ۗ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الْفَاسِقِينَ
Ей, Мұхаммед! Олар мұнафиқтар үшін кешірім тілесең де, не кешірім тілемесең де, тіпті олар үшін жетпіс рет кешірім тілесең де Аллаһ оларды ешқашан кешірмейді. Бұл олардың Аллаһқа және Оның Елшісіне күпірлік еткендіктері сенбегендіктері, қарсылықтары себебінен. Аллаһ бұзық бойсұнбаушы адамдарды тура жолмен жүргізбейді
فَرِحَ الْمُخَلَّفُونَ بِمَقْعَدِهِمْ خِلَافَ رَسُولِ اللَّهِ وَكَرِهُوا أَنْ يُجَاهِدُوا بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَقَالُوا لَا تَنْفِرُوا فِي الْحَرِّ ۗ قُلْ نَارُ جَهَنَّمَ أَشَدُّ حَرًّا ۚ لَوْ كَانُوا يَفْقَهُونَ
Артта қалдырылғандар, Аллаһтың Елшісіне қайшы келіп, қалып қойғандарына мәз болды және Аллаһ жолында дүниелері әрі жандарымен соғысуды жек көрді. Әрі «Мына ыстықта соғысқа шықпаңдар», деді. Айт:«Жаһаннамның оты бұдан да қатты ыстық!» деп. Егер олар оны түсінетін болса
فَلْيَضْحَكُوا قَلِيلًا وَلْيَبْكُوا كَثِيرًا جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَكْسِبُونَ
Ендеше олар мұнафиқтар істегендерінің қайтарым жазасы ретінде аз күліп, көп жыласын
فَإِنْ رَجَعَكَ اللَّهُ إِلَىٰ طَائِفَةٍ مِنْهُمْ فَاسْتَأْذَنُوكَ لِلْخُرُوجِ فَقُلْ لَنْ تَخْرُجُوا مَعِيَ أَبَدًا وَلَنْ تُقَاتِلُوا مَعِيَ عَدُوًّا ۖ إِنَّكُمْ رَضِيتُمْ بِالْقُعُودِ أَوَّلَ مَرَّةٍ فَاقْعُدُوا مَعَ الْخَالِفِينَ
Ей, Мұхаммед! Ал, егер Аллаһ сені олардан мұнафиқтардан болған бір топқа-қайтарып, олар сенен соғысқа шығуға рұқсат сұраса, оларға: «Сендер ешқашан менімен бірге шықпайсыңдар және менімен бірге жаумен соғыспайсыңдар. Ақиқатында, сендер алғашқы рет қалып қоюды қош көрдіңдер. Ал, енді қалып қойғандармен бірге отырыңдар» деп айт
وَلَا تُصَلِّ عَلَىٰ أَحَدٍ مِنْهُمْ مَاتَ أَبَدًا وَلَا تَقُمْ عَلَىٰ قَبْرِهِ ۖ إِنَّهُمْ كَفَرُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَمَاتُوا وَهُمْ فَاسِقُونَ
Әрі ешқашан олардан өлген біреуге жаназа намазын оқыма және оның қабірінің басында тұрма! Өйткені олар Аллаһқа және Оның Елшісіне күпірлік етті сенбеді, қарсы болды әрі бұзық болған бойсұнбаған күйлерінде өлді

Choose other languages: