Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tin Translated in Kazakh

وَالتِّينِ وَالزَّيْتُونِ
Ант етемін әнжір және зәйтүнмен
وَطُورِ سِينِينَ
және Синин тауымен
وَهَٰذَا الْبَلَدِ الْأَمِينِ
және осы қауіпсіз қаламен
لَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنْسَانَ فِي أَحْسَنِ تَقْوِيمٍ
Ақиқатында, адамды көркем бейнеде жараттық
ثُمَّ رَدَدْنَاهُ أَسْفَلَ سَافِلِينَ
Кейін оны төмендердің төменіне қайтардық
إِلَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فَلَهُمْ أَجْرٌ غَيْرُ مَمْنُونٍ
Ал, сондай иманға келген және ізгі іс істегендер басқа. Оларға таусылмайтын сый бар
فَمَا يُكَذِّبُكَ بَعْدُ بِالدِّينِ
Осыдан кейін Есеп беруді өтірік деуге сені не итермелейді
أَلَيْسَ اللَّهُ بِأَحْكَمِ الْحَاكِمِينَ
Аллаһ үкім шығарушылардың ең әділ үкім берушісі емес пе