Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tur Translated in Kazakh

وَالطُّورِ
Турмен ант етемін
وَكِتَابٍ مَسْطُورٍ
әрі жазылған Кітаппен
فِي رَقٍّ مَنْشُورٍ
жайылған жұқа нәрсеге жұқа теріге, қағазға
وَالْبَيْتِ الْمَعْمُورِ
Әрі Байтул-Маъмурмен (бұл жетінші аспанда тұрғызылған Қағба секілді үй.Оғани күніне жетпіс мың періште кіріп, құлшылық етеді)
وَالسَّقْفِ الْمَرْفُوعِ
және биік көтерілген шатырмен
وَالْبَحْرِ الْمَسْجُورِ
және көтерілген теңізбен ант етемін
إِنَّ عَذَابَ رَبِّكَ لَوَاقِعٌ
Раббыңның жазасы азабы міндетті түрде түседі
مَا لَهُ مِنْ دَافِعٍ
оны қайтарушы жоқ
يَوْمَ تَمُورُ السَّمَاءُ مَوْرًا
Ол күні аспан теңселіп шайқалады
وَتَسِيرُ الْجِبَالُ سَيْرًا
ал таулар қозғалып жылжиды
Load More