Surah Nooh Translated in Kazakh
إِنَّا أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِ أَنْ أَنْذِرْ قَوْمَكَ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Ақиқатында, Біз, Нұхты еліне: «Қауымыңды, оларға жан күйзелтуші азап келместен бұрын ескерт», деп жібердік
قَالَ يَا قَوْمِ إِنِّي لَكُمْ نَذِيرٌ مُبِينٌ
Ол айтты: «Әй, елім, шын мәнінде мен сендерге анық ескертушімін
أَنِ اعْبُدُوا اللَّهَ وَاتَّقُوهُ وَأَطِيعُونِ
Аллаһқа Құлшылық жасаңдар, Одан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
يَغْفِرْ لَكُمْ مِنْ ذُنُوبِكُمْ وَيُؤَخِّرْكُمْ إِلَىٰ أَجَلٍ مُسَمًّى ۚ إِنَّ أَجَلَ اللَّهِ إِذَا جَاءَ لَا يُؤَخَّرُ ۖ لَوْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ
Ол күнәларыңды кешіреді және сендерге белгіленген бір мерзімге дейін мұрсат береді. Шын мәнінде, Аллаһ белгілеген мерзім жетсе, ол кейінге ұзартылмайды, Егер де сендер білсеңдер», деп
قَالَ رَبِّ إِنِّي دَعَوْتُ قَوْمِي لَيْلًا وَنَهَارًا
Ол айтты: «Раббым, ақиқатында мен елімді түнде де, күндіз де иманға шақырдым
وَإِنِّي كُلَّمَا دَعَوْتُهُمْ لِتَغْفِرَ لَهُمْ جَعَلُوا أَصَابِعَهُمْ فِي آذَانِهِمْ وَاسْتَغْشَوْا ثِيَابَهُمْ وَأَصَرُّوا وَاسْتَكْبَرُوا اسْتِكْبَارًا
Ақиқатында, мен оларды Сенің кешіруің үшін шақырған сайын олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерімен бүркеніп алды және қасарысып, өздерін жоғары қойып, тәкаппарлана түсті
ثُمَّ إِنِّي أَعْلَنْتُ لَهُمْ وَأَسْرَرْتُ لَهُمْ إِسْرَارًا
Содан кейін мен оларды жалпы және оңаша жекеше түрде де үгіттедім
فَقُلْتُ اسْتَغْفِرُوا رَبَّكُمْ إِنَّهُ كَانَ غَفَّارًا
Сондай-ақ: «Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер, өйткені Ол көп Кешіруші Ғаффар
Load More