Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #17 Translated in Kazakh

قَالَ إِنِّي لَيَحْزُنُنِي أَنْ تَذْهَبُوا بِهِ وَأَخَافُ أَنْ يَأْكُلَهُ الذِّئْبُ وَأَنْتُمْ عَنْهُ غَافِلُونَ
Ол Йаъқуб : «Сендердің оны алып кетулерің мені уайымға салады. Әрі сендер қаперсіз қалғандарыңда, оны қасқыр жеп кетуінен қорқамын», деді
قَالُوا لَئِنْ أَكَلَهُ الذِّئْبُ وَنَحْنُ عُصْبَةٌ إِنَّا إِذًا لَخَاسِرُونَ
Олар: «Біз бір топ бола тұра оны қасқыр жесе, онда біз зиянға ұшыраушылардан боламыз», десті
فَلَمَّا ذَهَبُوا بِهِ وَأَجْمَعُوا أَنْ يَجْعَلُوهُ فِي غَيَابَتِ الْجُبِّ ۚ وَأَوْحَيْنَا إِلَيْهِ لَتُنَبِّئَنَّهُمْ بِأَمْرِهِمْ هَٰذَا وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ
Сонда олар оны алып кетіп, құлықтың түбіне тастауға келісті. Біз оған Йусуфке : «Әлбетте, сен әлі оларға осы істерінің хабарын бересің, олар сені сезбейді», деп уахи еттік
وَجَاءُوا أَبَاهُمْ عِشَاءً يَبْكُونَ
Олар кешке әкелеріне жылап келді
قَالُوا يَا أَبَانَا إِنَّا ذَهَبْنَا نَسْتَبِقُ وَتَرَكْنَا يُوسُفَ عِنْدَ مَتَاعِنَا فَأَكَلَهُ الذِّئْبُ ۖ وَمَا أَنْتَ بِمُؤْمِنٍ لَنَا وَلَوْ كُنَّا صَادِقِينَ
Олар: «Уа, әкеміз! Біз жарысып кеткенде, Йусуфты заттарымыздың қасында қалдырған едік, сонда оны қасқыр жеп кетіпті. Енді шын сөзділерден болсақ та, сен бізге сенбейсің», деді

Choose other languages: