Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #29 Translated in Kazakh

وَاسْتَبَقَا الْبَابَ وَقَدَّتْ قَمِيصَهُ مِنْ دُبُرٍ وَأَلْفَيَا سَيِّدَهَا لَدَى الْبَابِ ۚ قَالَتْ مَا جَزَاءُ مَنْ أَرَادَ بِأَهْلِكَ سُوءًا إِلَّا أَنْ يُسْجَنَ أَوْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Сонда екеуі есікке жүгірді де әйел оның көйлегін арт жағынан жыртты. Есік алдында екеуі оның әйелдің қожайынына тап болды. Ол әйел еріне : «Сенің жұбайыңа жамандық қалаған біреуге түрме немесе қинаушы азаптан басқа жаза жоқ», деді
قَالَ هِيَ رَاوَدَتْنِي عَنْ نَفْسِي ۚ وَشَهِدَ شَاهِدٌ مِنْ أَهْلِهَا إِنْ كَانَ قَمِيصُهُ قُدَّ مِنْ قُبُلٍ فَصَدَقَتْ وَهُوَ مِنَ الْكَاذِبِينَ
Йусуф : «Ол менің көңілімді өзіне тартпақ болды», деді. Әйелдің үй-ішінен біреуі куәлік беріп: «Егер оның көйлегі алдынан жыртылса, онда әйел шын айтты, ал, ол өтірікшілерден
وَإِنْ كَانَ قَمِيصُهُ قُدَّ مِنْ دُبُرٍ فَكَذَبَتْ وَهُوَ مِنَ الصَّادِقِينَ
Ал, егер оның көйлегі артынан жыртылса, онда әйел өтірік айтты да, ол шын сөзділерден», деді
فَلَمَّا رَأَىٰ قَمِيصَهُ قُدَّ مِنْ دُبُرٍ قَالَ إِنَّهُ مِنْ كَيْدِكُنَّ ۖ إِنَّ كَيْدَكُنَّ عَظِيمٌ
Оның көйлегінің арт жағынан жыртылғанын көрген кезде ол күйеуі : Негізінде, бұл сендердің әйелдердің қулық-сұмдықтарыңнан. Ақиқатында, сендердің қулық-сұмдықтарың өте үлкен
يُوسُفُ أَعْرِضْ عَنْ هَٰذَا ۚ وَاسْتَغْفِرِي لِذَنْبِكِ ۖ إِنَّكِ كُنْتِ مِنَ الْخَاطِئِينَ
Йусуф! бұл істен теріс бұрыл. Ал сен қатын , күнәң үшін кешірім тіле. Анығында, сен әдейі қателесушілерден күнәһарлардан болдың», деді

Choose other languages: