Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #30 Translated in Kazakh

قَالَ هِيَ رَاوَدَتْنِي عَنْ نَفْسِي ۚ وَشَهِدَ شَاهِدٌ مِنْ أَهْلِهَا إِنْ كَانَ قَمِيصُهُ قُدَّ مِنْ قُبُلٍ فَصَدَقَتْ وَهُوَ مِنَ الْكَاذِبِينَ
Йусуф : «Ол менің көңілімді өзіне тартпақ болды», деді. Әйелдің үй-ішінен біреуі куәлік беріп: «Егер оның көйлегі алдынан жыртылса, онда әйел шын айтты, ал, ол өтірікшілерден
وَإِنْ كَانَ قَمِيصُهُ قُدَّ مِنْ دُبُرٍ فَكَذَبَتْ وَهُوَ مِنَ الصَّادِقِينَ
Ал, егер оның көйлегі артынан жыртылса, онда әйел өтірік айтты да, ол шын сөзділерден», деді
فَلَمَّا رَأَىٰ قَمِيصَهُ قُدَّ مِنْ دُبُرٍ قَالَ إِنَّهُ مِنْ كَيْدِكُنَّ ۖ إِنَّ كَيْدَكُنَّ عَظِيمٌ
Оның көйлегінің арт жағынан жыртылғанын көрген кезде ол күйеуі : Негізінде, бұл сендердің әйелдердің қулық-сұмдықтарыңнан. Ақиқатында, сендердің қулық-сұмдықтарың өте үлкен
يُوسُفُ أَعْرِضْ عَنْ هَٰذَا ۚ وَاسْتَغْفِرِي لِذَنْبِكِ ۖ إِنَّكِ كُنْتِ مِنَ الْخَاطِئِينَ
Йусуф! бұл істен теріс бұрыл. Ал сен қатын , күнәң үшін кешірім тіле. Анығында, сен әдейі қателесушілерден күнәһарлардан болдың», деді
وَقَالَ نِسْوَةٌ فِي الْمَدِينَةِ امْرَأَتُ الْعَزِيزِ تُرَاوِدُ فَتَاهَا عَنْ نَفْسِهِ ۖ قَدْ شَغَفَهَا حُبًّا ۖ إِنَّا لَنَرَاهَا فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Қаладағы әйелдер: «құрметті кісінің әйелі жас қызметшісін еліктіріп, азғырғысы келіпті. Ол әйел оған қатты құмар болыпты. Біз оны анық адасушылықта көреміз», десті

Choose other languages: