Quran Apps in many lanuages:

Surah Yusuf Ayahs #6 Translated in Kazakh

إِنَّا أَنْزَلْنَاهُ قُرْآنًا عَرَبِيًّا لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ
Ақиқатында, Біз оны ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін арабша Құран етіп түсірдік
نَحْنُ نَقُصُّ عَلَيْكَ أَحْسَنَ الْقَصَصِ بِمَا أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ هَٰذَا الْقُرْآنَ وَإِنْ كُنْتَ مِنْ قَبْلِهِ لَمِنَ الْغَافِلِينَ
Ей, Мұхаммед! Біз саған осы Құранды уахи етіп, оқиғалардың ең жақсысын баян етеміз. Негізінде, сен бұдан бұрын хабарсыздардан едің
إِذْ قَالَ يُوسُفُ لِأَبِيهِ يَا أَبَتِ إِنِّي رَأَيْتُ أَحَدَ عَشَرَ كَوْكَبًا وَالشَّمْسَ وَالْقَمَرَ رَأَيْتُهُمْ لِي سَاجِدِينَ
Кезінде Йусуф әкесіне: «Әкешім! Мен түсімде он бір аспан денесін ғаламшарды , күнді және айды көрдім. Олардың маған сәжде етіп тұрғанын көрдім», деді
قَالَ يَا بُنَيَّ لَا تَقْصُصْ رُؤْيَاكَ عَلَىٰ إِخْوَتِكَ فَيَكِيدُوا لَكَ كَيْدًا ۖ إِنَّ الشَّيْطَانَ لِلْإِنْسَانِ عَدُوٌّ مُبِينٌ
Ол әкесі : «Әй, балам! Түсіңді бауырларыңа айтпа! Әйтпесе, олар саған бір құлық ойластырар. Анығында, шайтан адам баласына анық жау», деді
وَكَذَٰلِكَ يَجْتَبِيكَ رَبُّكَ وَيُعَلِّمُكَ مِنْ تَأْوِيلِ الْأَحَادِيثِ وَيُتِمُّ نِعْمَتَهُ عَلَيْكَ وَعَلَىٰ آلِ يَعْقُوبَ كَمَا أَتَمَّهَا عَلَىٰ أَبَوَيْكَ مِنْ قَبْلُ إِبْرَاهِيمَ وَإِسْحَاقَ ۚ إِنَّ رَبَّكَ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Міне, осылай Раббың сені таңдап, саған түстердің жоруын үйретеді. Әрі алдыңғы аталарың Ибраһим және Исқаққа игілігін толық етіп бергендей, саған және Йаъқубтың әулетіне де игілігін жеткізіп, толық етіп береді. Ақиқатында, Раббың бәрін Білуші, аса Дана

Choose other languages: